Жарияланған күні: 06.10.2025 11:29
Өзгертілген күні: 06.10.2025 11:30

2025 жылғы 3 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шемонаиха қаласы Әкімдігінің алаңында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Іс-шараға салық төлеушілер, бизнес өкілдері, консалтингтік компаниялар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары, БАҚ қатысты.

Семинар аясында Департамент өкілдері әділ салық салуды қамтамасыз етуге, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, салықтық бақылауды цифрландыруға бағытталған ҚР Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі атап өтті.

* Жаңа Салық кодексінің жалпы ережелері;

* Жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты өзгерістер: жаңа мөлшерлемелер мен шегерімдер;

* Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу ережелері;

* Корпоративтік табыс салығының (КТС) ерекшеліктері және аванстық төлемдерді төлеу тәртібі;

* Жер қойнауын пайдалануға салық салу;

* ҚҚС бойынша өзгерістер: ставкалар, есепке қою және ҚҚС асып кеткен соманы қайтару рәсімі;

* Арнайы салық режимдері бойынша өзгерістер және камералдық бақылау мәселелері;

* Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары, сондай-ақ салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндігі.

Ашық диалог барысында семинарға қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша барлық сұрақтарға жауап алды.

Кездесу қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі алдағы өзгерістер салық жүйесін неғұрлым ашық және әділ етуге, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанына келісті.