Жарияланған күні: 01.07.2024 10:30
Өзгертілген күні: 01.07.2024 10:33

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері өңір журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

Халықты және бизнес - қауымдастықтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық және кеден заңнамасының өзгерістерімен ақпараттандыру, цифрландыру жаңалықтарын танымал ету, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының оң имиджін қалыптастыру мақсатында Департамент облыс журналистерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарады.

 

Мереке аясында ШҚО бойынша МКД-нің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы Департамент басшысы Саят Бимағамбетовтың атынан БАҚ өкілдеріне салықтық және кедендік әкімшілендіру аясындағы өзекті ақпараттарды жариялау бойынша қосқан үлестері мен қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді.

 

Салық және кеден саясатын ақпараттық қолдауға қосқан үлесі үшін бірқатар БАҚ өкілдері Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.