Жарияланған күні: 26.06.2023 16:30
Өзгертілген күні: 26.06.2023 16:43

        «Келісілді»

ШҚО бойынша МКД басшысы

 

_____________Бимагамбетов С.С.

«___»___________2023 жыл

 

ШҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама

 

 

Өскемен қаласы                                                                                                                                                             23.06.2023 жыл

 

I. Кіріспе бөлім

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-ШҚО бойынша МКД) жұмыс тобы ШҚО бойынша МКД басшысының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №91 бұйрығының негізінде ШҚО бойынша МКД құрылымдық бөлімшілердің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ШҚО бойынша МКД-да келесі бағытта жүргізілді:

ШҚО бойынша МКД-ның жұмыста пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімшілердің жұмысында пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлыққа әке соғатын, дискрециялық өкілеттіктерді және нормаларды анықталады.

ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылдың 01 мамырдан бастап 2023 жылдың 01 мамырға дейін жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлықты талдау Жұмыс тобымен жүргізіліп, тәуелсіз сарапшылар (мамандар) қатысқан жоқ.

ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі бағытта жүргізілді:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

        

II. Сипаттама бөлігі

 

1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау

 

ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауын жүргізгенде, ШҚО бойынша МКД және оның аймақтық бөлімшелерде персоналды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдарына және де басқа заңдарына сонымен қатар нормативтік-құқық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

2023 жылдың 01 мамырына сәйкес облыстың мемлекеттік кірістер органның жалпы саны 484 бөлігін құрайды (факті 467), соның ішінде Департамент саны 244 бөлік (факті 236), аймақтық мемлекеттік кірістер органның саны 240 бөлік (факті 231).

2022 жылдың 1 мамырдан бастап 2023 жылдың 1 мамырға дейін облыстың мемлекеттік кірістер органның 25 адам ауысқан (Департамент 10 адам, аймақ 15 адам), соның ішінде мемлекеттік органның ішінде 4 адам, ауысу 20 адам (соның ішінде 20 адам басқа себептермен), басқа мемлекеттік органға ауысу жұмыстан шығарылған 1 адам.

2022 жылдың 1 мамырдан бастап 2023 жылдың 1 мамырға дейін тәртіптік жауапкершілікке 56 лауазымды қызметкер тартылған.

2022 жылдың 1 мамырдан бастап 2023 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар  жасалған жоқ.

2022 жылдың шілде айында Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметін өту процесстерін анықтау кезінде (бос орындарға конкурстарды жариялау, тәртіптік жазаларды салу, кәсіптікті жоғарлау мен қайтадан даярлау, тәлімгерлік және т.б.) осы процесстер мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сәйкес екенін көрсетті.

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында персоналды басқару бағыты бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.

 

2. Мүдделер қақтығысын реттеу

 

Мемлекеттік қызметте әдепті бақылау сыбайлас жемқорлықты, әдеп бұзушылықтарды алдын-алу және мүдделер қақтығысын реттеу бойынша маңызды механизмін құрайды.   

Әдеп жөніндегі уәкіл институтын іске асыруы әсері осыған әкеліп, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен қызмет тәртібін одан әрі арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қосымша механизмін құрылуына себеп болды.

ШҚО бойынша МКД-да Әдеп жөніндегі уәкіл функциялары ШҚО бойынша МКД-ның басшысының орынбасарына тағайындалған.

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын, 2022 жылдың 1 мамырдан бастап 2023 жылдың 1 мамырға дейін талдау барысында, ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен есеп мерзімінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережесіне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес жұмыс жүргізілгенін анытқатлған.  Тоқсандық есептерді, жазылған өтініштерді талдау кезінде мүдделер қақтығысы  анықталған жоқ.

Ереженің 9 тармақшасының 4 тармағы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды

ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

ШҚО бойынша МКД-ның интернет-ресурсында көрсетілген жеке тұлғаларды, заң тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне және Ереженің 9 тармағы 3 тарауына сәйкес ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды қабылдауды жүргізеді.

ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2022 жылдың 1 мамырдан бастап 2023 жылдың 1 мамырға дейін 2 жиналыс өткізіліп, ШҚО бойынша МКД-ның интернет-ресурсында 2 мақала жарияланған.

ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2022 жылдың 1 мамырдан бастап 2023 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік кірістер органның 291 қызметкерлерден сауалнама алынды.

Жүргізілген талдаудың нәтижесінде ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы ашық болып танылды.

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі сұрақтар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсетулер

 

ШҚО бойынша МКД-мен 2022 жылдың 1 мамырдан бастап 2023 жылдың 1 мамырға дейін 997 766 мемлекеттік қызмет берілген, соның ішінде 641 737 жеке тұлғаларға, 355 029 заңды тұлғаларға. Мемлекеттік қызмет электронді түрде 989 563 немесе 99,2%, қағаз жүзінде 8 203 немесе 0,8%.

Талдау нәтижесінде қағаз жүзінде берілген мемлекеттік қызмет көрсетулер Қазақстан республикаының заңнамасына сәйкес деп танылды.

Мысалы, ШҚО бойынша МКД-мен мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірі – «алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны беру»

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны алу үшін өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырады.

В период с 1 мая 2022 года по 1 мая 2023 года Департаментом было выдано 509 лицензии на деятельность по хранению и розничной реализации алкогольной продукции и 21 лицензии на деятельность по хранению и оптовой реализации алкогольной продукции.

ШҚО бойынша МКД-мен 2022 жылдың 1 мамырдан бастап 2023 жылдың 1 мамырға дейін алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату бойынша 509 лицензия берілген және алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада сату бойынша 21 лицензия берілген.

Сонымен қатар, осы мерзімде берілген өтініштері сапалық талаптарына сәйкес емес бойынша себептемелі бас тарту болған жоқ.

Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша лицензиялар «Электронді үкімет» веб-порталында www.egov.kz e-license қосымшасында беріліп, лицензия беруші мен қызмет алушы арасында тікелей байланысы көзделмеген.

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мемлекеттік қызмет көрсетулер бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

 

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

 

Қазақсан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБК) 524 бабының санкциясы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде мемлекеттік кіріс органын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені туралы хабардар етпеу -

жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Шетелдік заңды тұлғасы ретінде жұмыс атқаратын жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қай кәсіпкерлік субъектісіне  жататынын анықтау тиіс. Алайда осыны анықтауды бір мәселені туындайды, себебі Қазақстан республикасының заңына байланысты шетелдік заңды тұлғаның субъектісін анықтау мүмкін емес, ал жүргузішінің тиесілі елдің елдің ұлттық заңы бойынша субъекті болмауы мүмкін.

Заңның әрекетсіздігіне байланысты, санкцияны анықтаған жағдайда, сонымен қатар, шешім қабылдау кезінде әкімшілік шараны орындайтын лауазымды тұлғаның қалауына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойылу үшін баптың санкциясына кәсіпкерлік субъектісіне қарамай шетелдік заңды тұлғаларға айыппұл түріндегі әкімшілік жаза ретінде енгізу қажет.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірстер комитетінің (бұдан әрі-Комитет) 2023 жылдың 13 маусымдағы № КГД-10-3-14/29190-МКК хатына сәйкес ӘҚБҚ 524 бабы бойынша ИСАЖ істерді Комитетімен біртіндеп қараған кезде қазіргі таңда республика бойынша шетелдік заңды тұлғаларды тарту тәжірибесі  әр түрлі болып шықты, аймақтық мемлекеттік кірістер органдары кіші, орта, ірі субъект ретінде жауапкершілікке тартады.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңға өзгерістерді енгізу үшін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің көзделген реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізуге тиіс.

Комитетімен ӘҚБК жоғарыдағы көрсетілген бабына өзгерістерді енгізуді қолдайды, алайда реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізуімен қоса.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің  83 бабы 1 тармағына сәйкес кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау болып табылады

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің  82 бабы 1 тармағы бойынша жаңа реттегіш құрал енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды енгізілген жағдайда, реттеушілік әсерді талдау рәсімін міндетті түрде  жүргізуге тиіс.

Қомитет ӘҚБК жоғарыдағы көрсетілген бабына өзгерістерді енгізуді қолдайды, алайда реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізуімен қоса. ӘҚБК 524 бабына өзгерістерді енгізу болжамды мерзімі 2025 жыл болып табылады.

 

6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

 

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

 

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

           

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

9. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (салықтар мен басқа төлемдерді жинау)

 

Салық кодексінің 118 бабының 1 тармағының 7 тармақшасына 2023 жылдың басынан енгізілген өзгерістердін негізінде Салық кодексінің 96 бабы 4 тармағы бойынша хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм шығарған кезде салық төлеушiнің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмi шығарылмайды.

 

Анықтама ретінде:

 

2022 жылғы 26 желтоқсандағы №18032L200124 хабарламаны орындау барысында салық төлеушiмен 2023 жылдың 16 қаңтарда қосымша СЕН тапсырды. Талдау нәтижесінде 2023 жылдың 18 қаңтарда хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм шығарылып, 2023 жылдың 23 ақпанда  банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм қалыптастырған болатын.

Осы шағарылған өкім қате танылып, 2023 жылдың 09 наурызда кері қайтарып алынды.

«Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн қалыптастыру» КБНР АЖ функционалды нүктесін басыуымен Камералдік бақылау нәтижелерін реестр ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - КБНР АЖ) бекітілген үлгі бойынша салық төлеушiнің шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн қалыптастыру жүйеде әрбір хабарламаға жауапты маманымен (орындаушымен) өзбасымен тікелей басшысымен келіспейінсіз қалыптастырылады. Содан кейін, ҚР СИАЖ АЖ арқылы автоматты түрде екінші деңгейдегі банктердегі шоттарды бұғаттауға әкеледі.

Осылайша, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн кері қайтару маманымен (орындаушымен) өзбасымен жүргізіледі.

Жоғарыдағы айтылғанның негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және бизнеске негізсіз кедергілерді болдырмау мақсатында КБНР АЖ келесі өзгерістерді ұсынамыз:

Камералдік бақылау хабарламаларды орындамаған жағдайда салық төлеушiнің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн қалыптастыруды (кері қайтару) Мемлекеттік кірістер басқармалардың (бұдан әрі-МКБ) басшысының орынбасарымен, ал МКБ басшысының орынбасары жоқ жағдайда, МКБ басшысымен міндетті түрде келісуді туралы енгізуді ұсынамыз.

Жоғарыдағы көрсетілген жаңа өзгеріс мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды қызметкерлері жағынан жауапкершілікті арттырып, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнаманың талаптарын сақтамауына тәуекелін азайтады.

Комитеттің 2023 жылдың 07 маусымдағы № КГД-13-3-12/26731-МКК хатымен осы ұсыныс қолданып отыр.     

2023-2024 жылдарда СААЖ енгізу шеңберінде осы тапсырма қойылды.

Қазіргі уақытта осы бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленіп жатыр.

Анықтама ретінде:

Келесі ретте жүзеге асырылады.

Камералдік бақылау хабарламаларды орындамаған жағдайда банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн қалыптастыру үшін «Жинақ» модульге автоматты түрде сұранысты жолдайды.  Хабарламаларды орындамағаны туралы салық төлеушінің жағынан жауаптың болмау болып табылады, яғни түсінікті немесе қосымша СЕН тапсырмауы.

Жіберілген Шешімдерін, электрондік түсініктердін, камералдік бақылау нәтижелерін растау/растамау туралы қолы қойылған қорытындылыры бар болған жағдайда ғана банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн автоматты түрде кері қайтару мүмкіні көзделген.

Банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн қалыптастыру мен кері қайтару үшін, қайтару себептерін көрсетіп (хабарлама кері қайтарылды т.б.), сұраныстарды қол жүзінде жасауға  жүйе қолданышуларға мүмкіншілік беру керек.

Жүйеде келісуге мен қол қоюға құқықтары бар қолданушылармен келісіліп және қол қойылғаннан кейін сұраныстар «Жинақ» модульде қол жүзінде қалыптастырылады.

 

2023 жылдың 05 сәуіріндегі №КГД-06-2-15/3515-И Комитеттің хатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу кезенінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері орын алған болса, құқық қорғау органдарының араласуы болған жұмыс процестеріне баға беру қажет.

ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Тергеу басқармасымен 2023 жылдың 12 мамырдағы тіркелген №236300131000023 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық іс Өскемен қаласы бойынша МКБ (бұдан әрі-Басқарма) бұрынғы бас маманы қатысты жеке кәсіпкерлердің бірінен келеіп түскен өтініші бойынша ҚР ҚК 3 бөлік, 4 тармақша 366 бабы бойынша параны қорқытып алу фактісі бойынша тіркелген.

Бақылау-касса машинасыз жұмыс атқарып жатқан салық төлешілерді әшкерелеу мен болдырмау мақсатында «Азаматтық бақылау-чек талап ет» пилоттық жоба Комитеттің бұйрығымен енгізілді.

2022 жылдың 09 маусымда төлемдерді алуға жобаланған бақылау-касса машинаны және (немесе) жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану тәртібіне байланысты №МКД-08-3/10320 ШҚО бойынша МКД хатына сәйкес Басқарманың бас маманы жеке кәсіпкерлердің біріне қатысты Өскемен қаласы Потанина көшесінде орналасқан дүкендердің бірінде «бақылау-касса машинаны» қолданбағаны үшін ҚР ӘҚБК 284 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік материал қозғалып, «ескерту» әкімшілік шара қолданған болатын.

ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметі бойынша 2023 жылдың қаңтар айының аяғында Басқарманың бас маманы жеке кәсіпкермен кездесіп, сұхбат кезінде жеке кәсіпкер Өскемен қаласында Шәкәрім даңғылында орналасқан дүкендердің бірінде түнгі уақыт мерзімде алкоголь заттарды сату бойынша рұқсат туралы сөз қозғады. Кейін уақытта лауазымды тұлға жеке кәсіпкерге сондай рұқсатты бере алатынын айтты.

Алайда, түнгі уақытта алкоголь өнімдерін саудалану бойынша рұқсатты беру мемлекеттік кірістер органдарының құзіретіне кірмейді.

Осыған орай, лауазымды тұлға мемлекеттік қызметкерімен бола тура, пайдасыны алу үшін, салық төлеушіні алдап, қасақана адыстырды.

          

 

Қызметтік тергеу

бөлімінің басшысы                                                                                                                               Т. Бейсекенов