Жарияланған күні: 29.05.2024 15:42
Өзгертілген күні: 29.05.2024 15:44

2024 жылғы 25 мамырда Павлодар қаласында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық Департаменттерінің қызметкерлері арасында Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай шағын футбол, волейбол, шахмат және кибер - спорт бойынша республикалық спартакиада ұйымдастырды.

Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту, ұжым мен қызметкерлерді біріктіру, патриотизмді арттыру мақсатында өткізілді.

Турнирге облыстар мен қалалар бойынша 20 Департаменттен тұратын 25 команда қатысады. Турнир регламентіне сәйкес іріктеу турының жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында өтетін жартылай финал мен финалға қатысуға мүмкіндік алады.

Павлодар қаласында өткен жарыстың 1 кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрама командасы 1 орын алып, финалға өтті.