Жарияланған күні: 13.02.2017 19:37
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:36

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Майқапшағай» кеден бекеті арқылы 2017 жылғы 08 ақпанда Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдар тобымен кедендік бақылаудан жасырын ірі көлемдегі болжамды түрде АҚШ доллары валютасында ақша қаражаттарын әкеліну мүмкіндігі туралы ақпарат алынғандығын назарыңызға жеткіземіз.

 

 

 «Майқапшағай» кеден бекеті қызметкерлерінің шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе жолаушылар легіне кедендік қарау күшейтілді. ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің жолаушылар терминалында сағат мөлшермен 10-45-те  «Майқапшағай» кеден бекеті қызметкерлерінің ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесе кедендік бақылау жүргізу барысында ҚХР азаматтары Мәуітхан Мұқият 1973 ж.т., Мұхташұлы Әділбек 1988 ж.т.,Мilamubieke Shayilan 1988 ж.т., Sjuliteken Kuerjianati 1978 ж.т., Мәуітхан Гүлжан 1962 ж.т. өздерін мазасыз ұстап, мінез-құлықтарымен күдік туғызғандықтары байқалды. Жоғарыда аталған тұлғаларға кедендік қарау жүргізу барысында аяқ киімінің табанынан 100 АҚШ доллары купюрасындағы әр түрлі соммадағы жалпы сомасы 60 000 (алпыс мың) АҚШ доллары баламасы 19 000 000 теңге болатын ақша қаражаттары анықталды және алынды.  Талқылау нәтижесінде ҚХР азаматшасы Мәуітхан Гүлжан (05.08.1962 ж.т., ҚР ІІМ 18.06.2015 жылы берілген шетелдіктің тұру ықтиярхаты №026797650, ЖСН 620805000214) табылған 60 000 АҚШ доллар ақша қаражаттарының барлығы өзіне тиесілі екендігін және басқа қаралған тұлғаларға Кедендік одақтың кедендік шекарасынан өткеннен кейін жинап алу үшін таратып бергендігін түсіндірді.    

Декларацияланбаған ақша қаражатының жалпы соммасы бекітілген 5000 АЕК залал көрсеткішін асуына байланысты, азаматша Мәуітхан Гүлжанның әрекетінен ҚР ҚК 234-бабына сәйкес (экономикалық контрабанда) қылмыстық іс белгілері қарастырылады. Аталған іс бойынша алғашқы жинақталған материал ШҚО бойынша ЭҚТ бөліміне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті