Жарияланған күні: 17.10.2016 09:26
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Ағымдағы жылғы 11 қазанда  Шығыс Қазақстан облысында 2015-2016 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру шеңберінде ШҚО бойынша МКД Қаржы саласындағы қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы  Д.Нұрлыбек «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында «Сіздің құқығыңыз» атты тікелей желі өткізді.

Сұхбат барысында Д.Нұрлыбек  Экономикалық тергеу қызметінің мемлекет басшысының  «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұру арқылы еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі тапсырмасы бойынша жүргізіп отырған қызметі туралы айтып өтті.

Сонымен қатар Д.Нұрлыбек жеке құрамның арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, азаматтардың құқыққорғау органдарына сенімін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып берді.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелері жөнінде сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.

 

                         ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі