Жарияланған күні: 18.07.2025 16:31
Өзгертілген күні: 18.07.2025 16:32

2025 жылғы 18 шілдеде Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚОФ "Атамекен" ҚР ҰКП алаңында салық төлеушілердің, оның ішінде консалтингтік компаниялар өкілдерінің, СЭҚ қатысушыларының қатысуымен ZOOM конференциясы арқылы офлайн және онлайн форматтарда семинар өткізді.

Семинар барысында салықтық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері қаралды:

Заңсыз кәсіпкерлік қызмет туралы камералдық мониторинг басқармасының №3 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы Ғазиз Асылғазы айтып берді.

Жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар, арнайы салық режимдері Департаменттің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова сөз сөйледі.

Жергілікті салықтарға салық салу туралы Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсет Мұқашев баяндады.

ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифімен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының төмендетілген ставкалары бар тауарларды қоса алғанда, шетелдік тауарларды пайдалану бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдері туралы тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының көшпелі кедендік тексерулер бөлімінің бас маманы Ирина Жилева айтып берді.

Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының бас маманы Шынар Құлатаева "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал", "Бәйге" акциялары, "Salyq кэшбек" пилоттық жобасы туралы айтып, арнайы салық режимдерін қолдану, әлеуметтік төлемдер және БКМ пайдалану мәселелерін атап өтті.

 

Іс-шара соңында Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.