
2023 жылғы 28 желтоқсанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында салық төлеушілермен, консалтингтік компаниялармен, блогерлермен, БАҚ-тың қатысуымен «Жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің басталуы» туралы «семинар-кеңес» форматында офлайн және ZOOM конференциясы арқылы онлайн режимде семинар өткізді.
Семинарға 50-ден астам салық төлеуші қатысты.
Семинар барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы басшысының м.а. Жанар Айтжанова іс-шараға қатысушыларды 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда басшылардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3- кезеңінің басталуына қатысты ақпаратпен хабардар етті. Спикер декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-SalyqАzamat», «Halyk Bank», «Bank Centercredit» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болатыны туралы атап өтті, сонымен қатар, салық есептілігін толтыру ережелеріне жеке тоқталды.
Сондай-ақ, Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Роза Сейльханова қатысушылардың жалпыға бірдей декларациялауға қатысты сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Өз кезегінде, салық төлеушілер ШҚО бойынша МКД-нің өкілдеріне жүргізілген түсіндіру жұмысы үшін алғыстарын білдірді.
Семинар соңында салық төлеушілерге «Жалпыға бірдей декларациялау» және «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» цифрлы жаңашылдықтары туралы буклеттер ұсынылды.