Жарияланған күні: 12.10.2023 15:46
Өзгертілген күні: 12.10.2023 15:53

ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында салық заңнамасындағы өзгерістер туралы

 

2023 жылғы 10 қазанда Өскемен қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚОФ алаңында «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ бас директоры Владимир Аксеновтың төрағалығымен «Атамекен» ҚР ҰКП, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ ШҚФ өнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер бойынша машина жасау кеңесінің отырысы өтті.

Іс - шара барысында ШҚО бойынша МКД, Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Камильевна Сабралимова қазіргі уақытта жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жалғасып жатқанын хабарлады. Аталған жоба құрылған жұмыс тобымен –  ҚР ҚМ МКК-нің қызметкерлерімен, бизнес өкілдерімен, сарапшылар қауымдастығымен және депутаттармен әзірленеді. 2025 жылға арналған Салық кодексін қабылдау 2024 жылғы қазанда жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде egov электрондық үкімет порталында – Ашық үкімет – Ашық НҚА бөлімінде ашық талқылау мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасына Реттеу саясатының консультативтік құжаты (РСКҚ) орналастырылғаны және онда ұсынылатын негізгі өзгерістер көрсетілгені жайлы атап өтті.

РСКҚ шеңберінде Гүлмира Сабралимова 2025 жылдан бастап ұсынылып отырған негізгі өзгерістерді, оның ішінде ҚҚС, корпоративтік және жеке табыс салығының мөлшерлемесі бойынша есепке қою үшін мөлшерлеме мен «шекті» қайта қарауға қатысты өзгерістерді айтты.

Сондай-ақ, спикер қолданыстағы салық заңнамасындағы өзгерістерді атап өтті, салық міндеттемелерін орындау мақсатында «e-Salyq Azamat», «e-salyq Business», «SalyqBot» мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жаңашылдықтарының артықшылықтары туралы жеткізді.

Спикерлердің сөз сөйлеуі аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Салық кодексіне өзгерістер енгізу мәселесіне қатысты өз ұсыныстарын білдірді және түсіндіру жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.