Жарияланған күні: 05.07.2024 10:10
Өзгертілген күні: 05.07.2024 10:13

5 шілде 2024 жыл:

701.00 нысаны бойынша заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша 2024 жылға арналған ағымдағы төлемдерді есептеу.

15 шілде 2024 жыл:

400.00, 421.00 нысаны бойынша 2024 жылғы мамыр айы үшін акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер үшін есеп айырысу.

22 шілде 2024 жыл:

328.00 нысаны бойынша 2024 жылғы маусым айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

 

ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША ‼️ ️ ️

 

5 шілде 2024 жыл:

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, 2024 жылғы ағымдағы төлемдер;

2024 жылғы маусымда алынған жеке практикамен айналысатын адамдардың (жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың) табыстары бойынша ЖТС.

22 шілде 2024 жыл:

2024 жылғы маусым айы үшін Еуразиялық экономикалық одақтағы ҚҚС;

2024 жылғы маусым айы үшін, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарларға акциз.

24 шілде 2024 жыл:

2024 жылғы маусымда төленген табыстардан ЖТС.

25 шілде 2024 жыл:

2024 жылғы шілде айы үшін КТС бойынша аванстық төлемдер;

2024 жылғы маусымда төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;

2024 жылғы маусымда төленген табыстардан ЖТС;

2024 жылғы маусым айы үшін арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;

2024 жылғы маусым айы үшін әлеуметтік салық;

2024 жылғы маусым айы үшін бірыңғай төлем;

2024 жылғы маусым айы үшін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

2024 жылғы маусым айы үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);

2024 жылғы маусым айы үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ);

2024 жылғы маусым айы үшін әлеуметтік аударымдар;

2024 жылғы маусым айы үшін МӘМС аударымдары;

2024 жылдың маусым айы үшін МӘМС жарналары.