
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабына сәйкес, 2024 жылғы 15 мамырға дейін Қытай Халық Республикасының «С» түріндегі шетелдік рұқсаттарын отандық тасымалдаушыларға беру процесінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру мақсатында, «Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттерінің аумағы арқылы жүруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
Қызмет алушылар өздерінің тіркелу орны бойынша сәйкес қызмет көрсетушіге бекітілген нысанда жүутерді тасымалдауға шетелдік рұқсатты алу бланкісіне қосымша ретінде Портал арқылы ЭЦҚ қол қойылған өтініш жолдайды, сонымен қатар электрондық тізімнің автоматтандырылған жүйесінде брон жасалынғандығы туралы ақпарат, көлік құралын тіркеу туралы ақпарат, рұқсат беру жүйесін қолданып/қолданбай халықаралық автомобильдік жүк тасымалдауға рұқсат куәлігі туралы ақпарат, рұқсат беру жүйесін қолданып/қолданбай автокөлік құралдарының рұқсат картасы туралы ақпарат, жолаушылар мен жүктерді халықаралық өткізуде отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағынан шығуы үшін бюджетке төленетін алымның төленгені туралы ақпарат жолданады.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.
Жолаушылар мен жүктерді халықаралық өткізуде отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағынан шығуы үшін бюджетке төленетін алым республикалық бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі) бекітілген алым ставкасымен төленеді, ол төлем жасалған күні қолданылатын біржолғы айлық есептік көрсеткіш көлемін құрайды. Алым сомасын төлеу Портал арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет үш кезеңде көрсетіледі.
1) Жүйе көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын отандық көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу туралы хабарлама жібереді;
2) Жүйенің белгіленген нысандағы шетелдік рұқсат нысанына қосымшаны қалыптастыру;
3) шетелдік рұқсаттың нысанына қосымшаны басып шығару, шетелдік рұқсаттың нысанын толтыру және көрсептілген құжаттарды көрсетілген қызметті алушыға беру.
Мемлекттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары ҚР ҚМ МКК: www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі, "Мемлекеттік қызметтердің паспорттары" кіші бөлімі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Портал арқылы алу мүмкіндігі бар. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.