Жарияланған күні: 18.11.2019 18:16
Өзгертілген күні: 19.11.2019 08:51

Мәслихаттың кейбір шешімдерін

күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 27-бабының 2 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ««Салықжәнебюджеткетөленетінбасқа да міндеттітөлемдертуралы» ҚазақстанРеспубликасыныңКодексін (Салықкодексі) қолданысқаенгізутуралы» Заңының 2-бабының 2) тармақшасы негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Күші жойылды деп танылсын:
  1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/3-VI «Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-191 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 шілдеде жарияланған) шешімі;
  2. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 5наурыздағы № 41/4-VI «Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/3-VI «Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5783 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 наурызда жарияланған) шешімі.
  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                 О. Тлеукенов

 

Қалалық мәслихаттың хатшысы                                  А. Светаш

 

Мемлекеттік кірістер Басқармасының басшысы            Қ.Қойшинов