
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жер салығы негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушінің салық салу объектісі күнтізбелік жыл көлеміндегі кіріс, яғни акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған кірісі болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожалықтарының күнтізбелік жыл көлеміндегі кірісі Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде (Салық кодексінің 703-бабының 6-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулерді ескере отырып) алынған (алуға жататын) кірістерден тұрады, яғни кіріс оңайлатылған декларациядағыдай анықталады - барлық кірістер шығыссыз, бірақ жыл бойынша анықталады.
Бірыңғай жер салығын есептеуді есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы салық төлеуші дербес жүргізеді.
Бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімдері 2020 жыл үшін өзгерген жоқ және төлеушілер төлемді келесі мерзімдерде жүргізіледі:
1) салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомаларды төлеу – ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде;
2) салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген сомаларды төлеу – есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде жүргiзiледi.
Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу жер учаскесі тұрған жер бойынша жүргізіледі.
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесі тұрған жердегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Түсіндіру жұмыстары басқармасы