Жарияланған күні: 24.12.2019 12:43
Өзгертілген күні: 24.12.2019 12:49

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (ары қарай-Кодекс) 202 бабының 10 тармағына сәйкес, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 266, Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 287,  Қазақстан Республикасының  Қаржы министрінің 2018 жылғы 02 мамырдағы № 500 «Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы бекітілді.   

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестікті, техникалық реттеу бөлігіндегі тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығаруға (шартты түрде шығару) кедендік рәсімнен өтуге орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.

Тауарлар шартты түрде шығаруға орналастырылған жағдайда, декларант күнтізбелік 60 (алпыс) күн мерзімде шартты түрде шығарылған тауарларға арналған сәйкестікті растау туралы құжатты ұсыну туралы міндеттемені еркін нысанда аумақтық бөлімшеге ұсынады.

Шартты түрде шығарылған тауарларға арналған сәйкестікті растау туралы құжатты ұсыну мерзімін ұзарту үшін декларант  күнтізбелік 60 (алпыс) күн мерзімі аяқталғанға дейін тауарларды сәйкестікке бағалауды жүзеге асыратын сәйкестікті растау жөніндегі органдардан және (немесе) сынақ зертханаларынан техникалық ретету бөлігінде тауарларды шығарғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімінің күнтізеблік күнінің санын және/немесе аяқталған күнін көрсете отырып, мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы хатты қоса ұсына  ШҚО бойынша МКД хат жолдайды.

Техникалық реттеу бөлігінде тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын ұзартылған мерзімі аяқталғаннан кейін, сәйкестігін бағалау құжаттары ұсынылмаған жағдайда, ШҚО бойынша МКД мерзімділігі 2 (екі) айда 1 (бір) реттен аспай осы тауарлардың бар-жоғына кедендік бақылауды жүргізеді.

Шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, ШҚО бойынша МКД лауазымды тұлғасы, декларантты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабына сәйкес жауапкершілікке тартады.

 

 

 

ШҚО бойынша МКД