
«Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Кодексінің 375 бабына сәйкес, «Сарыбулак-Майқапшағай» магистральді газ құбыржол көлігімен тасымалданатын табиғи газды кедендік декларациялау кезінде Қазақстан Респуликасының аумағында ГЕКТ-те (газ есебінің коммерциялық торабы) орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері қабылданады.
2019 жылы «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-ның өтініші бойынша, ГЕКТ-те орналасқн есепке алу аспаптарының жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілуіне байланысты, ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің қызметкерлері ҚХР Үрімші қаласының кеден қызметі өкілдерімен бірлесе отырып, есепке алу аспаптарына салынған сәйкестендіру құралдары негізгі және қосымша желілерінен кезекпен алынды. Есепке алу аспаптарына тексеру жұмыстары жүргізіліп, қайта орналастырылғаннан кейін, рұқсатсыз қатынау және тасымалданатын газды есепке алу аспабындағы мәліметтерін өзгертуді болдырмау мақсатында, ҚР және ҚХР кеден органдарымен, жауапты тасымалдаушы тұлғалардың қатысуымен газды есепке алу аспабына сәйкестендіру құрылғысы қайта салынды. Сәйкестендіру құрылғысы қайта салынғаны туралы 2019 жылдың 07 қазанында негізгі желісіне және 2020 жылдың 01 қаңтарында қосымша желісіне екі елдің кеден қызметімен идентификаттау құралдарын салу нәтижелері бойынша актісі толтырылып, мөрмен бекітілді.