Жарияланған күні: 07.10.2024 17:58
Өзгертілген күні: 07.10.2024 17:59

Егер кедендік тексеруді кеден органдары кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, ол жарамсыз деп танылады.

Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:

-  кедендік тексеру жүргізу мерзімдерін бұзу;

-  тексерілетін тұлғаға кедендік тексерудің алдын ала актісін жібермеу немесе табыс етпеу;

-  нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақ кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің болмауына және (немесе) тексерілетін тұлғаның оларды ұсынбауына байланысты бұзу фактілері анықталған камералдық кедендік тексеруді осындай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткенге дейін аяқтау.

Кедендік тексеруді жарамсыз деп тану уәкілетті органның және (немесе) соттың кедендік тексеру актісі мен тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюы үшін негіз болып табылады.