Төмен, орта және жоғары тәуекелдер деңгейі санатына қызметтерін жатқызу арқылы салық төлеушілерді (салықтық агент) санаттау салық кодексінің 136-бабы және «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығына (бұдан ары-ТБЖ бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.
Санаттау нәтижелері бойынша берілген тәуекелдер дәрежесіне байланысты, салық төлеушінің салықтық міндеттемеге байланысты салықтық әкімшіліктендіру шаралары дифференцияланады:
1) оңайлатылған тәртіппен жекелеген ДК санаттарының қызметін тоқтату;
2) ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру;
3) салық есептілігін ұсынуды ұзарту, тоқтата тұру;
4) уақытылы орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету;
5) салық берешегін мәжбүрлеп өндіру.
№252 бұйрықтың 11-тармағына сәйкес санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын (бұдан ары-ашық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын (бұдан ары-жабық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылдықта бір рет өзектендіріледі.
Санаттау нәтижелері бойынша берілген тәуекелдер дәрежесі туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (Электронды сервистер/Бизнеске көмек/Санаттау нәтижелері бойынша салық төлеушінің тәуекелдер дәрежесі) (https://kgd.gov.kz/ru/services/degree_of_risk) жарияланады, сондай-ақ салық төлеушіге «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан ары-СТК) web-қосымшасында іске қосылған ашық өлшемшарттар бойынша мәліметтерімен жеке жіберіледі.
Салық төлеушілерге берілген тәуекелдер дәрежесін өзгерту мүмкіндіктері мәселесі бойынша бірқатар ұсыныстар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығында мазмұндалған ашық өлшемшарттардың тізбесі мен оларды есептеу әдістемесімен танысу. Өлшемшарттар тәуекелдер дәрежесіне теріс әсері («плюс» балымен тәуекелдер дәрежесін арттырады), сонымен бірге оң әсері де («минус» балымен тәуекелдер дәрежесін төмендетеді) болатындығына назарларыңызды аударамыз.
2) СТК-не жіберілген іске қосылған ашық өлшемшарттар (көрсеткіштер, мәндер, баллдар саны) бойынша есептің түсіндірілуін талдау;
3) нәтижелермен келіскен жағдайда, тәуекелдер дәрежесіне әсер еткен көрсеткіштерді назарға алып, оларды салық есебінде ескеру;
4) ашық өлшемшарттарды есептеу бойынша қандайда бір мәнімен келіспеген жағадайда, электронды түсініктемені «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы жіберу;
5) түсініктеме дәлелденген жағдайда, өлшемшарттар қайта есептеледі және аталған қайта есептеу тәуекелдер дәрежесін өзгертсе «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына тиісті хабарлама жолданады.
Өз кезегінде, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеушілерден түскен электронды түсініктемелер тұрақты түрде тексеріледі.