
Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Telegram-да ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асырған цифрлық салық консультанты – «SalyqBot» Чат-боты жұмыс істейді.
«SalyqBot» Telegram ботында пайдалы сервистер бар:
«Жалпыға бірдей декларациялау» жаңа сервисі іске қосылды;
Жедел көмек сервистері (шоттардың құлпын ашу, жергілікті салықтар мәселелері, жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша);
Салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша ақпарат беру, салық күнтізбесі, анықтамалықтар, есептеу кулькуляторы, электрондық сервистер, цифрлық өнімдерді қолдану бойынша бейне сабақтар;
Сауалнамалар (мемлекеттік қызметтердің сапасы, сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша)салық төлеушілерге оңайлатылған, қолжетімді, қашықтан 24/7 форматта ақпарат беруге бағытталған;
Мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарына кері байланыс орнату және келіп түскен өтініштер санын қысқарту;
Қосымша қаржылық шығындарсыз пайдаланушыларға біржолғы сипаттағы, сондай-ақ таймер бойынша салықтық және кедендік міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 7,15 және 30 күн бұрын ескертулер/хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді.