
2025 жылғы 26 тамызда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚОФ "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында семинар өткізді. Іс-шараға салық төлеушілер, оның ішінде консалтингтік компаниялардың өкілдері мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қатысты. Семинар ZOOM платформасы арқылы офлайн және онлайн форматтарда өтті.
Семинар аясында өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Айнұр Қайырқанова жалпыға бірдей декларациялау туралы түсіндірді.
Камералдық бақылау хабарламасын орындау бойынша №2 камералдық мониторинг басқармасының бөлім басшысы Айнұр Заманбекова таныстырды
Талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы Гаухар Сатиева төлем көзінен КТС есептеу және ұстап қалу тәртібі туралы айтып берді.
Содан кейін ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы Әлішер Мұратов ЕАЭО шеңберіндегі тыйым салу мен шектеулер бойынша түсініктеме берді.
Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова жеке табыс салығы, салық шегерімдері бойынша өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды.
Жеке практикамен айналысатын адамдарға салық салу туралы түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының бас маманы Әсел Қантаева таныстырды
Семинар соңында Департамент өкілдері салық төлеушілерден түскен барлық сұрақтарға жауап берді.