Жарияланған күні: 29.07.2022 16:01
Өзгертілген күні: 29.07.2022 16:02

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасы басшысының м.а. Гүлмира Сабралимова «Altai» телеарнасының «Елге қызмет» телебағдарламасында «Салық заңнамасын түсіндіру» тақырыбында сөз сөйледі.

Бағдарламада 2022 жылдан бастап ҚР салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге, Мемлекеттік кірістер департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, жаппай декларациялауға кезең - кезеңімен көшу рәсімдеріне, онлайн-БКМ-сын, үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ), цифрлық жаңалықтарды, түсіндіру іс-шараларына қатысты мәселелер талқыланды.

Гүлмира Сабралимова өз сөзінде барлық сауда жасаушы тұлғаларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелуден бастап, онлайн-БКМ-сын қолдану, штрих-кодтарды қалыптастыру және «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» сияқты мобильді қосымшаларды, Telegram - арнасында іске қосылған цифрлық салық кеңесшісі «SalyqBot»-ты қолдану туралы базар аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы салық заңнамасын насихаттау жөніндегі іс-шараларды атап өтті.

Сондай - ақ, Түсіндіру жұмысы басқармасы басшысының м. а. азаматтарға салық төлеушінің төлқұжаты, «Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясы туралы ақпаратпен таныстырып, телекөрермендердің көлік құралдарына салынатын салық, цифрлық инновациялар бойынша сұрақтарына жауап берді.

 

Толық ақпарат келесі сілтеме бойынша: https://www.youtube.com/watch?v=FeGRjdX4k3g&ab_channel=ALTAITV