Жарияланған күні: 22.07.2019 12:33
Өзгертілген күні: 22.11.2019 10:54

Салық төлеушілердің назарына

 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 02 сәуірдегі №241 Заңына сәйкес бақылау касса-машиналарының чектеріне талаптар өзгертілді.

Бақылау-касса машинасының чегінде мынадай ақпарат болуы тиіс:

1) салық төлеушінің атауы;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;

4) салық органындағы бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;

5) чектің реттік нөмірі;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы;

8) фискалдық белгі;

9) фискалдық деректер операторының атауы және деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің түпнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының интернет-ресурсының деректемелері;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;

14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.

Осыған байланысты, салық төлеушілерге бақылау-касса машиналарының техникалық қызмет көрсету орталықтары арқылы өз бетінше аталған БКМ чектарындағы өзгерістерді енгізу қажет.

Бұл ретте бұрынырақ өткізілген чектерге өзгерістер енгізу қажет етілмейді.

 

«Семей» кеден бекетінің

жетекші маманы К.Омаргалиева