Жарияланған күні: 10.09.2024 17:25
Өзгертілген күні: 10.09.2024 17:25

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салады!

 

Үшінші кезеңде жалпыға бірдей декларацияға жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары кірді.

 

Жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген бірінші жылы активтер мен міндеттемелер туралы Декларация ұсынылады (250.00-нысан). Кейінгі жылдары кірістер мен мүлік туралы Декларация ұсынылады (270.00-нысан).

 

Декларацияны "салық төлеушінің кабинеті" сервистерінің көмегімен ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz) және E-salyq azamat, egov mobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ Halyk, Kaspi, Bank CenterCredit Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.

 

Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін Декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі 7 күннен кейін аяқталатынын еске саламыз.

Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.