Жарияланған күні: 18.07.2023 20:15
Өзгертілген күні: 18.07.2023 20:21

2023 жылғы 17 шілдеде салық салудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша Өскемен қаласында "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КЕАҚ алаңында "Қазақстан салық консультанттарының қауымдастығы" ЖК ЖӘНЕ ЗТБ басшылығы мен мүшелерінің, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өкілдерімен, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Бұл кездесуде салықтық әкімшілендірудің неғұрлым проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары, сондай-ақ онлайн БКМ қолдану, жалпыға бірдей декларациялау, бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану және т. б. бойынша салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер қаралды.