Жарияланған күні: 15.11.2023 18:43
Өзгертілген күні: 15.11.2023 18:43

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылы 15 қараша салық есептіліктерін табыс ету мерзімі аяқталатынын естеріңізге салады:

- 101.03 нысаны- Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 2023 жылдың 3 тоқсанына;

- 101.04 нысаны - Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 2023 жылдың 3 тоқсанына;

200.00 нысаны - Жеке табыс салығы және әлеуметтік  салық бойынша декларация 2023 жылдың  3 тоқсанына;

- 300.00 нысаны - Қосылған құн салығы бойынша декларация 2023 жылдың 3 тоқсанына;

- 913.00 нысаны Бөлшек салықтың аранаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация 2023 жылдың 3 тоқсанына

- 400.00 нысаны - Акциз бойынша декларация+ Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі 421.00 нысаны 2023 жылдың 3 тоқсанына;

- 590.00 нысаны - Пайдалы қазбаларды өндiру салығы  бойынша декларация 2023 жылдың 3 тоқсанына;

- 710.00 нысаны - Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация 2023 жылдың 3 тоқсанына;

- 860.00 нысаны - Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация 2023 жылдың 3 тоқсанына;

- 870.00 нысаны - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация 2023 жылдың 3 тоқсанына.