Жарияланған күні: 24.01.2023 12:27
Өзгертілген күні: 24.01.2023 12:27

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылғы  IV тоқсанының 200.00, 300.00, 913.00, 870.00 СЕН және 2022 жылдың II жартыжылдығының 910.00 СЕН қолданылатын режиміне сәйкес, 2023 жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей салық есептіліктерін табыс ету керектігін естеріңізге салады.

Құрметті салық төлеушілер, салық міндеттемелерін алдын ала орындауды сұраймыз, "СОНО АЖ" ақпараттық жүйелеріне және "салық төлеушінің кабинеті" Web-қосымшасына жүктемені болдырмау үшін, бұл табыс ету мерзіміне дейінгі соңғы күндері салық декларацияларын тапсыру процесін едәуір қиындатады.

 

ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы