Жарияланған күні: 11.05.2022 16:59
Өзгертілген күні: 11.05.2022 17:00

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады:

 

2022 жылғы 16 мамырдан кешіктірмей мына салық есептіліктерін табыс ету қажет.

Салық есептіліктері:

- 101.03 нысаны- Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 2022 жылдың 1 тоқсанына;

- 101.04 нысаны - Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 2022 жылдың 1 тоқсанына;

200.00 нысаны - Жеке табыс салығы және әлеуметтік  салық бойынша декларация 2022 жылдың 1 тоқсанына;

- 300.00 нысаны - Қосылған құн салығы бойынша декларация декларация 2022 жылдың 1 тоқсанына;

- 400.00 нысаны - Акциз бойынша декларация+ Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі 421.00 нысаны 2022 жылдың наурыз айына;

- 570.00 - нысаны Экспортқа  рента салығы бойынша декларация 2022 жылдың 1 тоқсанына;

- 590.00 нысаны - Пайдалы қазбаларды өндiру салығы  бойынша декларация 2022 жылдың 1 тоқсанына;

- 710.00 нысаны - Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация 2022 жылдың 1 тоқсанына;

- 860.00 нысаны - Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация 2022 жылдың 1 тоқсанына;

- 870.00 нысаны - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация 2022 жылдың 1 тоқсанына.

 

ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы