Жарияланған күні: 14.02.2023 12:32
Өзгертілген күні: 14.02.2023 12:33

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына 2023 жылғы 15 ақпанда 2022 жылғы IV тоқсандағы қолданыстағы режимдерге сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімі 200.00, 300.00 және 2022 жылғы II жартыжылдықтағы 910.00 аяқталатынын жеткізеді.

"СЕӨЖ АЖ" ақпараттық жүйелеріне және "Салық төлеушінің кабинеті" Web-қосымшасына жүктемені болдырмау үшін салық есептілігін алдын ала тапсыруды ұсынамыз, бұл табыс ету мерзіміне дейінгі соңғы күндері салық декларацияларын тапсыру үдерісін едәуір қиындатады.