
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 15 тамызында салық есептерінің келесі нысандарын ұсыну мерзімінің аяқталатынын еске салады:
- Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация 200.00 нысаны 2022 жылдың 2 тоқсанына;
- Қосылған құн салығы бойынша декларация 300.00 нысаны 2022 жылдың 2 тоқсанына;
- Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация 2022 жылдың 1 жартыжылдығына 910.00 нысаны.
- 101.03 нысаны- Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 2022 жылдың 2 тоқсанына;
- 101.04 нысаны - Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 2022 жылдың 2 тоқсанына;
- 400.00 нысаны - Акциз бойынша декларация+ Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі 421.00 нысаны 2022 жылдың маусым айына;
- 570.00 - нысаны Экспортқа рента салығы бойынша декларация 2022 жылдың 2 тоқсанына;
- 590.00 нысаны - Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларация 2022 жылдың 2 тоқсанына;
- 710.00 нысаны - Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация 2022 жылдың 2 тоқсанына;
- 860.00 нысаны - Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация 2022 жылдың 2 тоқсанына;
- 870.00 нысаны - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация 2022 жылдың 2 тоқсанына.
Салық есептілігін тапсыруды соңғы күнге қалдырмауға кеңес береміз.
СЕӨС клиенттік қосымшасымен және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасымен жұмыс кезінде үлкен жүктемеге байланысты, қолданушыларға салық есептілігін табыс ету процессін қиындатады.
ШҚО бойынша түсіндіру жұмысы басқармасы