
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтардың банкроттығы бойынша ақылы қызметтер көрсету туралы жарияланымдарды орналастыру жағдайлары жиілеп кетті.
Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкроттық, яғни қарызы 5,5 млн. теңгеден аспайтын қарыздар бойынша жүргізілетін рәсім тегін екенін хабарлайды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап бұл қызметті E-gov сайты және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
Банкроттық туралы толығырақ ақпаратты алу үшін бірыңғай байланыс орталығына 1414, қосымша 3 нөміріне немесе Telegram-дағы SalyqBot-қа хабарласуға болады.
Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған.
ТЕК РЕСМИ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНЕ СЕНІҢІЗ!
https://www.instagram.com/reel/CnRRQm1JI_H/?utm_source=ig_web_copy_link