
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттеріне семинар өткізді.
Мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Кайсабекова Зайра Жумабаевна және Найля Гарапчиновна Бекчентаева жиырма жылдан астам қызмет атқарды, олар студенттердің алдында сөз сөйледі, өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы айтты, бұл - болашаққа бастар жол, салық органдарында мансап құруға көмектесетін білім мен тәжірибе екендігін атап өтті.
Кездесу барысында барлық өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.