
2022 жылғы 11 қарашада Өскемен қаласының халықаралық әуежайының ғимаратында "Заң керуені" акциясы өткізілді, оның мақсаты еліміздің азаматтарына тегін құқықтық көмек көрсету болды.
Кеңестерді Шығыс Қазақстан облысының көлік прокуратурасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Ауежай-Өскемен" кеден бекеті, Шығыс Қазақстан облысының Авиациялық шекара қызметі, "Өскемен-1" Жол полиция бөлімі сияқты мемлекеттік органдардың құзыретті өкілдері ұсынды.
Авиарейстердің ұшуын күткен азаматтар осындай өтеусіз мүмкіндікті пайдаланып, тауарларды, валютаны тасымалдау нормаларына, мемлекеттік шекарадан өту және т. б. қатысты сұрақтар қойды.
Мұндай акциялар мемлекеттік органдардың халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі қызметті жүргізетіндігін куәландырады.
ШҚО бойынша МКД
«Әуежай Өскемен»
кеден бекеті