
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардың назарына борышкердің шектелген мүлкін сатуды, «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мемлекеттік тізілім веб-порталында (www.gosreestr.kz), электрондық аукцион ұйымдастыру арқылы жүзеге асыратынын хабарлайды.
Бұл порталда борышкердің билік етуі шектелген мүлкін сату туралы ақпарат бүкіл Республика бойынша орналасқан.
Мүлікті сатып алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлға электронды аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында тіркелуі және электрондық аукционға қатысуға электрондық өтінімді беру қажет.
Борышкердің шектелген мүлкін сату бойынша қызығушылық тудырған барлық ақпарат Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтында (www.vko.kgd.gov.kz) және әлеуметтік желідегі аккаунтында орналасқан (facebook, twitter, vk.com, Instagram, YouTube) сілтемесіне өту арқылы:
(https://www.facebook.com/113907903352994/posts/736477547762690/?d=n).
Борышкердің шектеу қойылған мүлкін сатуға қатысты сұрақтарыңыз болса, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне телефоны 8-7232-70-10-59, сондай-ақ «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ телефоны 8 7273-55-01-11 арқылы хабарласуға болады.