Жарияланған күні: 23.06.2025 15:59
Өзгертілген күні: 23.06.2025 16:01

2025 жылғы 19 маусымда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Марденович Хайруллин «Президенттік Жастар кадрлық резерві» тақырыбында семинар өткізді. Конкурсты өткізу мерзімдері, ережелері мен бағыттары бойынша түсініктемелер берілді. Семинарға департаменттің және қалалық және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау pkrezerv.gov.kz сайтында 2025 жылғы 01 маусымнан бастап 30 маусымы аралығында жүргізіледі.