Жарияланған күні: 31.01.2025 17:59
Өзгертілген күні: 31.01.2025 18:00

Кедендік тізілім қызметін «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: кеден сфере саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін өзгерістер

 

«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда тізілімдерге енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:

  • Кеден қоймаларының иелері
  •  Еркін қоймалардың иелері
  • Өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері
  • Уақытша сақтау қоймаларының иелері
  • Бажсыз сауда дүкендері
  • Кедендік өкілдер
  • Кедендік тасымалдаушылар.

2025 жылғы 10 ақпаннан бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік реттеу саласында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаттары жасалған:

https://t.me/kedenkgdgovkz/26371 – кеден өкілдері үшін

https://t.me/kedenkgdgovkz/26372 – уақытша сақтау орындарының иелері үшін

https://t.me/kedenkgdgovkz/26374 – бажсыз сауда дүкендері үшін

https://t.me/kedenkgdgovkz/26373 – кедендік тасымалдаушылар үшін.

Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз: