Жарияланған күні: 06.08.2025 14:46
Өзгертілген күні: 06.08.2025 14:48

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары: Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат ету жүйесі талаптарының орындалуына бақылау жүргізеді, халықаралық тасымалдау үшiн белгiленген көлiк құралдарының жүру маршрутының сәйкестiгiне тексеру жүргізеді, отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген АКҚ рұқсат етілген габариттік және салмақтық параметрлерін сақтауына бақылау жүргізеді, көлiк құралдары иелерiнiң көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттемесiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады, жолаушылар алдында тасымалдаушылардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді тасымалдаушылардың орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

 

ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» өткізу пунктінде 2025 жылдын 1 жартыжылдығында көліктік бақылауды 3985 АҚК өтті, көлік саласында заннаманы бұзған үшін 43 әкімшілік іс қозғалып 567 740 тенге сомасында айыппул өндірілді.