
ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінде, өз құзірет шегінде, Еуразиялық экономикалық одақ кеден шекарасы арқылы көліктік өткізу пунктілерінде көліктік бақылау жүргізу функциялары атқарылады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 402 бабының 9 тармағына сәйкес, көліктік бақылау жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
Кеден бекеттің лауазымды тұлғаларымен көліктік бақылау, қатаң түрде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 230 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 141 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларымен көліктік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Аталған қағидаларда, көлік құралына қатысты көліктік бақылау және де іс-жүзіндегі салмақтық және габариттік параметрлерін тексеруді жүзеге асыру кезіндегі лауазымды тұлғалардың іс-әрекеті бекітілген.
2025 жылдың 9 айында, ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларымен 12550 көлік құралдарына қатысты көліктік бақылау жүргізілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда автокөлік құралдарының саны 372% пайызға ұлғайғандығы байқалады.




























