
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін шекті кірісі Республикалық бюджет туралы заңнамасымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 24 038 есе мөлшерінен аспайтын салық төлеушілер қолдана алады.
Оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер келесідей:
акцизделетін тауарлар өндiруді;
акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді;
мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;
лотереялар өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;
консультациялық қызметтер көрсетуді;
бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.
Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер табысына 3 пайыз мөлшерінде: оның ішінде – 1,5 пайызы жеке табыс салығы мен 1,5 пайызы әлеуметтік салық.
Сонымен қоса міндетті зейнет ақы жарнасы (әрі қарай –МЗЖ) – табысынан 10 пайыз ең төменгі жалақыдан бастап ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс, бірақ нақты табысынан коп болмауы керек.
Әлеуметтік аударымдар – 3,5 % табысынан.
Жұмысшылар үшін келесі салық түрлері:
Жеке табыс салығы (жұмысшының табысы- МЗЖ-ең төменгі жалақы мөлшері) 0,1 пайыз немесе 10 пайыз жұмысшының табысынан шегерімдермен бірге.
Әлеуметтік аударымдар = (жұмысшының табысы – МЗЖ)* 3,5 пайыз жұмысшының табысынан МЗЖ шегеру арқылы, бірақ ең төменгі жалақыдан бастап ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.
МӘМС – 1,5 пайыз;
Жұмысшыға әлеуметтік салық төленбейді.
Жұмысшының тапқан табысы 25 АЕК төмен болса (2019 жылға 63125 тенге), онда салық сомасы 90 пайызға немесе 10 есеге азаяды.
Жұмысшының табысы 25 АЕК төмен болған жағыдайда келесі формуле бойынша:
МЗЖ =ЕА * 10% ;
ЖТС = ЕА – МЗЖ – ең төменгі жалақы (42 500) шегерімдермен бірге * 10% ;
Әлеуметтік аударымдар = ЕА- МЗЖ * 3,5% 2019 жылға.
Жұмысшы үшін МӘМС = ЕА * 1,5 % 2019 жылға.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
Қызметкерлердің кірістерінен міндетті әлеуметтік мидициналық сақтандыру 1,5 пайыз мөлшерінде белгіленген қаржы жылына сәйкес аударым есептеледі және ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
910.00-нысан «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация» жасау қағидалары салық есептігіне сай толтырылады.
Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.
Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшін салықтық кезең жартыжылдық болып табылады, сәйкесінше салық есептілігі жарты жылда бір табыс етіледі.
Бірінші жарты жылдықта 15 тамызынан кешіктірмей, ал екінші жарты жылдықта келесі жылдың 15-ақпанынан кешіктірмей табыс ету қажет.
Түсіндіру жұмысы басқармасы