
Оңалту және банкроттық туралы
2023 жылғы 11 қазанда Өскемен қаласында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі" алаңында "оңалту және банкроттық туралы" тақырыбында брифинг өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова бүгінгі таңда ШҚО бойынша оңалту рәсімі 18 кәсіпорынға қатысты жүргізіліп жатқанын және оңалту рәсімі туралы айтып берді.
Оңалту рәсімі сот тәртібімен қолданылады, оның шеңберінде борышкерге төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқару, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады. Борышкерлердің өздері де, кредиторлар да оңалту рәсімін қолдану туралы сотқа жүгіне алады. Өтініштің негізі борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі болып табылады. Сондай-ақ, Спикер оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан аспауы тиіс екенін және осы мерзімді ұзарту мүмкіндігі туралы атап өтті.
Брифинг соңында журналистер қызықтырған сұрақтарын қойды, соның ішінде жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі бойынша, оларға басқарма басшысы толық жауаптар берды.