Жарияланған күні: 03.07.2015 19:36
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылы 1-шілдеде Өскемен қаласы бойынша мемлекетік кірістер басқармасы ғимаратында «Әлеуметтік салада қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу. Корпортивтік табыс салығы бойынша декларацияларды ұсыну нысаны және жасау тәртібі» тақырыбына семинар өткізді. Семинар жұмысына Өскемен қаласы, сондай-ақ, Глубокий және Ұлан аудандарының әлеуметтік сала және бейкоммерциялық ұйымдар (басшылар, бухгалтерлер) лауазымды тұлғалар, өкілдер қатысты.

Описание: C:\Users\GBAYKA~1\AppData\Local\Temp\Rar$DIa0.332\20150701_101405.jpg

ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмыстары басқармасы салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г. Сабралимова 2015 жылғы 1 қаңтардан корпоративтік табыс салығына қатысты салық заңнамасы мөлшеріндегі негізгі өзгерістерді атап өтті, содан кейін әлеуметтік салада қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу тәртібімен таныстырды. Салық төлеушілерге 2014 жылға салықтық есеп беруді ұсыну нысандары бойынша өзгерістерді, 

соның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша деларацияны толтырудағы негізгі кезеңдеріне тоқталды. Осы бағыттағы сұрақтарға жауаптар берді. Одан ары ШҚО бойынша МКД талдау және тәуекелдер басқармасы мемлекеттік кірістерді талдау бөлімінің бас маманы Г. Карибаева 100 н. бойынша 2014 жылға КТС бойынша декларацияны толтыруда әлеуметтік сала бойынша салық төлеушілер салықтық есеп бердің көрсетілген нысандарындағы елеулі айырмашылықтарға байланысты толтыру барысында көптеген қателер кеткендігін жеткізді. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің (Салық кодексі) 135-бабының ережесіне қатаң түрде сәйкес болуын түсіндірді.  

100 н. бойынша КТС бойынша декларацияны толтыруда әлеуметтік саладағы заңды тұлғалар тіркелген активті шегеру бойынша Салық кодексінің 116 – бабы 2-тармағы 13 – тармақшасы ережелерін басшылыққа алу керектігін түсіндірді.

Бұдан басқа, салық төлеушілер арасында туындаған КТС бойынша декларация толтыруға қатысты пайда болған  сұрақтарға Өскемен қаласы бойынша АМКБ заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің басшысы А. Жибитаев жауап берді.

Әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты салық салу өзекті тақырыбына түскен қосымша сұрақтарға толық көлемде жауап берілді.