Жарияланған күні: 01.08.2016 09:15
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Глубокое ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы,  жария ету акциясы жалғасуда екендігін мәлім етеді. Сіздерде біздің Республикамызыдың аумағындағы, сондай-ақ, шет елдегі мүлік пен акшаңызды заңдастыруға әлі де мүмкіндігіңіз бар. 

Жария ету процедурасы көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға бағытталған.

Мемлекетіміздің Елбасы  2015 жылдың 13 қарашасында мүлік пен капиталды жеңілдетілген нормаларымен жария ету қарастырылған, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген Заңға қол қойды. 

Енді ақшаны екі қарапайым тәсілмен заңдастыруға болады:

1.           Алымды төлемей ағымдағы шотқа ақшаны аудару арқылы;

2.           Ағымдағы шотқа ақшаны аудармай, бірақ жария етілетін сомадан 10%-дық алымды төлеу арқылы.

Екі жағдайда да жария ету субьектісі арнайы декларацияны мемлекеттік кірістер органына тұрғылықты жері бойынша табыс етеді.

Осы жерде адамдардың назарың аудара кеткен жөн, ақша жария етілген соң (5 күнтізбелік күн өткеннен кейін), шоттан алып өз қалауы бойынша пайдалануға құқықты.

Осымен, Қазақстан аумағындағы және шет елдегі мүлікті заңдастыру үшін декларацияға сәйкес және қажетті құжаттарды мемлекеттік кірістер органына тапсырса жеткілікті.  

Шетелдегі мүлікті жария  еткенде жылжымайтын мүлік құнынан 10%-дық алым төлеу қажет.

Осы жағдайда да  бағалық құнды  анықтауда  маңызды өзгерістер болды. Енді жария ету субъектісі бағалық құнды  өзі анықтайды, яғни, растау құжатыңсыз және үшінші тұлғадардың қатысуыңсыз.

Сонымен қатар, мүлікті жария етуге қатысты кез келген мәліметтер салықтық және банктік құпия болып табылады. Жария ету туралы мәліметті үшінші адамға таратуға ешкімнің құқысы жоқ, жария ету комиссиясының жұмыскелері де, мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері де, екінші деңгейдегі банк және «Қазпошта» қызметкерлері де. Мұндай мәліметті таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бұдан басқа, жария ету субьектілері құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз іс-әрекеттерден қорғалған. Осылай, мүлікті жария ету және ақша фактісі бойынша дәлел ретінде пайдалануға немесе қылмыстық істі қозғауға тыйым салынған. Сондай-ақ, жария етілген мүлік тәркіленбейді.

«Жария ету – бұл заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлікті заңдастыру құқығының соңғы мүмкіндігі» - деп Елбасымызбен айтылғаның назарға ала отырып,  құқық бұзушылықпен алынған мүлік пен капитал болған жағдайда, азаматтарды міндетті тірде кідіртпей осы берілген мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз!