Жарияланған күні: 05.12.2024 15:08
Өзгертілген күні: 05.12.2024 15:09

Сұрақ:

Мен жеке кәсіпкермін, ағымдағы жылы 250.00 нысанындағы бастапқы декларацияны тапсырдым. Алайда, банк шоттары бұғатталған және маған 270.00 нысанды ұсынылмағаны туралы хабарлама жіберілді.

 

Жауап:

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде жеке азаматтар бастапқы декларацияны ұсынған кезде (250.00 - нысан) 2024 жылдың орнына 2023 жылды таңдап, салық кезеңін дұрыс көрсетпеді.

2023 жылғы салық кезеңімен кіріс декларациясының болуын ескере отырып, 250.00-нысанды ұсынғаннан кейін келесі жылға ұсынылуға жататын 270.00 нысандағы салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама қойылды.

Хабарламаны орындау мерзімі аяқталғаннан кейін (30 жұмыс күн берілген) Салық кодексінің нормаларына сәйкес банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылды.

Көрсетілген бұзушылықты жою үшін салық төлеушінің кабинетінде 250.00 нысанын АУЫСТЫРУ ӘДІСІМЕН қайтарып алып, 2024 жылды таңдап, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ жолына түзету енгізу қажет.