Жарияланған күні: 24.12.2024 14:04
Өзгертілген күні: 24.12.2024 14:05

Бұзушылықтарды жою туралы жалған хабарламалар!

 

Алаяқтар салық төлеушілердің банктік шоттарындағы ақша есебінен бюджетке қарызды өндіріп алу туралы жалған талаптар жібереді. Бұл талаптар салық төлеушілердің электрондық мекенжайларына түседі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау жөніндегі хабарламалар салық төлеушілерге салық төлеушінің электрондық кабинетіне қол қойғызып не хабарламамен жеке тапсырылатынын хабарлайды. Мұндай хабарламаларды электрондық пошта арқылы жіберу қарастырылмаған.

Тиісінше, мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушілердің электрондық мекенжайларына осы таратуларға қатысы жоқ.

Осыған байланысты, ШҚО бойынша МКД салық төлеушінің жеке кабинетінде салық міндеттемелерінің болуы туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша қарауды ұсынады https://cabinet.kgd.gov.kz.