Жарияланған күні: 19.03.2024 09:08
Өзгертілген күні: 19.03.2024 09:14

2024 жылғы 15 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы "Наурызама" мерекелік республикалық онкүндігінің қайырымдылық пен ынтымақтастық күні аясында Департамент қызметкерлері - көп балалы аналарға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Басшының орынбасары Қазыбек Қойшинов қызметкерлерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, "Рамазан қоржыны" азық-түлік себетін табыс етті.

Өз кезегінде көпбалалы аналар да Департамент басшылығына алғыстарын білдірді.