Жарияланған күні: 31.01.2020 09:40
Өзгертілген күні: 31.01.2020 09:41

2019 жылдың 26-шы желтоқсанында Мемлекет басшысы шағын бизнес пен микро кәсіпкерлікті 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тексеруге моратория жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Кәсіпкерлік кодекстің 23-бабына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) кәсіпкерлік субъектілері азаматтар, оралмандар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) болып табылады.

Жеке тұлға кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын дара кәсіпкер ретінде тіркеледі Кодексінде көзделген тәртіппен.

Кодекстің 52-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын және кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар оларды құру мақсатына, олардың қызметінің түрі мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан мемлекеттік тіркеуге жатады.

Мораторияның күші бизнестің ірі, орта субъектілеріне, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға және әділет органдарында тіркелмеген заңды тұлғаларға және шағын және микро бизнес болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

 

ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы