Жарияланған күні: 17.04.2025 16:40
Өзгертілген күні: 18.04.2025 11:49

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тексеріп қараудың интраскопиялық техникасын колдыну кезінде колдануының тиімділігін арттыру, жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, қарап тексеруді жүргізу және ақпаратты талдау кезінде бірыңғай талаптарды қалыптастыру, сондай-ақ оның ақаулығы туындаған кезде шараларды қабылдау мақсатында ҚР ҚМ МКК 2021 жылдың 12 қарашасында №722 бұйрығы әзірленді.

Тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы кедендік тексеріп қарау кезінде қолданылмайды:

- тірі жануарлар, оның ішінде көшпелі цирктерде және көшпелі айуанханады тасымалдайтындар;

-тірі балық;

-үй құстарын және басқа түрлерін инкубацициялау үшін жұмыртқалар;

-тауарлардың және көлік құралдардың габариттері ИТК техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келмесе.

ИТК кедендік тексеріп қарау кезінде келесі жағдайларда қолданылады:

1)Тауарлармен көлік құралдары Еуразиалық экономикалық одақтың аумағына келген жағдайда;

2) Тасымалдаушының жазбаша өтініш негізінде тауарлармен көлік құралдары Еуразиалық экономикалық одақтың аумағынан шыққан жағдайда;

ИТК-ні тікелей қолдануды ЖБО(жүйені басқару операторы) мен ТСО –ға(сүреттерді талдау және салыстыру операторы) бөлінетін лауазымды тулғаның-ИТК оператолары жүзеге асырады

ТСО тыйым салынған заттар мен бұйымдарды ықтималды әкелу/әкету тәуекелдерінің салаларын айқындау мақсатында ИТК-ні пайдаланумен алынған рентген-суретті талдайды. ТСО ақпаратын талдау және салыстыру нәтижелері бойынша келесі іс-қимылдарын жүзеге асырады. Тауарларды сканерлеу нәтижелерінің ілеспе құжаттарда мәлімделген мәліметтермен  айырмашылықтары болмаған кезде ИТК жүйесіне «ИТК бақылау, күдіксіз» деген түсіндірме енгізеді және басып шығарылған рентген-суреттің беткі жағына «ИТК бақылау, күдіксіз» деген мөртаңба қояды, ЖНМ қолтаңбамен куәландырады.

Егер сканерлеу нәтижелерінің ілеспе құжаттарда мәлімделген мәліметтермен  айырмашылықтары болған кезде ИТК жүйесіне «ИТК бақылау, күдікпен» деген түсіндірме енгізеді және басып шығарылған рентген-суреттің беткі жағына «ИТК бақылау, күдікпен» деген мөртаңба қояды, ЖНМ қолтаңбамен куәландырады.