Жарияланған күні: 03.09.2024 18:33
Өзгертілген күні: 03.09.2024 18:49

 

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мерейтойлық, оныншы кәсіби мерекені атап өтті.

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараны облыс Әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде ол Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің еліміздің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, ШҚО Әкімі Ермек Көшербаевтың атынан үздік қызметкерлерге мінсіз және адал еңбегі үшін Грамоталар мен Алғыс хаттар табыс етті.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерін қала мен облыстың мемлекеттік органдарының басшылары мерекемен құттықтады.

Әрі қарай Департамент басшысы Саят Бимағамбетов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.  Ол ШҚО бойынша МКД ұжымының ел бюджетіне түсетін түсімдерді қамтамасыз ету ісіндегі елеулі үлесін атап өтті. Өз сөзін қорытындылай келе, Департамент басшысы сала ардагерлері мен адал салық төлеушілерге ерекше алғысын білдірді.

- «Біз серіктестік пен сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз, біздің бірлескен, жүйелі жұмысымыз мемлекетіміздің гүлденуі мен әл-ауқатының жоғарылауына әкелетініне сенімдімін!»,- деп түйіндеді Саят Бимағамбетов.

Іс-шара барысында салық және кеден қызметін дамыту жолындағы мінсіз қызметі үшін мерейтойлық медальдармен Департаменттің және аудандық Мемлекеттік кірістер органдары басқармаларының ардагерлері, басшылары мен қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлер «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Салық міндеттемелерін орындауға жауапкершілікпен қарау - бұл біздің еліміздің дамуына қосқан үлесіміз екендігін өз мысалдарымен дәлелдеген «Үздік салық төлеуші» аталымының жеңімпаздары - сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты: Құрманғазының ұлы күйлері шырқалды, «Алтай» халық би ансамблінің билері көрсетілді. Сондай-ақ, мереке қонақтарына «Байжігіт» қазақ халық аспаптар оркестрі және «Мәдениет саласының үздігі» бас дирижері Шалқар Рысхан, Жанат Бисембаев, дирижер Ержан Қасымханов, «Мәдениет саласының үздігі» Ботакөз Жұмабекова, Дамир Төлеужанов, дарынды және танымал «Ратович» квинтеті өнер көрсетті.

Мерекелік іс-шара барлық қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйлады және облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ұжымының жетістігі мен кәсібилігін көрсететін маңызды оқиға ретінде есте қалды.