
2022 жылғы 26-27 шілдеде Шығыс Қазақстан облысына ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қалиясов Әнуар Ерғалиұлы жұмыс сапарымен келді.
26 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қалиясов Әнуар Ерғалиұлымен кездесу өтті. Кездесуге Департамент басшысы Бимағамбетов Саят Сайлаубекұлы, ШҚО бойынша МКД-нің басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Татубаев Ерік Мұхамедқанапияұлы, басшының орынбасары Жолдасбаев Еркін Қайырдоллаұлы, Департамент басқармаларының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Кездесуді Саят Сайлаубекұлы ашты, ол іс - шараның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және оған жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Кеңесте Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде клиентке бағдарланған сервис тәсілін қолдану, халықтың мемлекеттік кірістер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әнуар Ерғалиұлы «Мемлекеттік кірістер органдарын жаңғыртудың басты мақсаты – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамыту және Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жою» екенін атап өтті.
Кездесу соңында Әнуар Ерғалиұлы мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды қабылдады.
Сондай - ақ, ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Өскемен қаласы және Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымымен кездесті.
Іс - шара аясында Әнуар Ерғалиұлы Глубокое ауданы бойынша МКБ-ның қызметкерлері мен тұрғындарының жеке қабылдауын жүргізді, онда мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жетілдіру бойынша қызметкерлердің тілектері мен ұсыныстарын, салық төлеушілердің мәселелерін тыңдады.