Жарияланған күні: 26.01.2022 17:02
Өзгертілген күні: 26.01.2022 16:50

"Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығының 3-тармағына сәйкес 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 1 қарашаға дейін құрылыс материалдарына ТІЖ жазып беру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда, ол бойынша ЭШФ Виртуалды қойма арқылы жазып берілуге тиіс.

Осылайша, құрылыс материалдарын сататын адамдарға ТІЖ ресімдеу қажет.

Тауарлар тізбесімен және СЭҚ ТН кодтарымен "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот – фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығында толығырақ танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, пилоттық жоба кезеңінде уақтылы ресімдемегені үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары, ТІЖ растау қарастырылмаған.