Жарияланған күні: 14.10.2024 18:38
Өзгертілген күні: 14.10.2024 18:39

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жедел көмек көрсету үшін  2024 жылғы 9-қазаннан бастап Telegram Salyqbot-та «Кеден мәселелері бойынша көмек» сервисі іске қосылды.

Енді кедендік бекеттерден өту және тауарларды шығару, сондай-ақ кедендік декларациялардың мәртебесін тексеру бойынша сұрақтарға жауаптарды Qr-код арқылы білуге болады, ол үшін телефон камерасын немесе кез келген бағдарламалық шолғыш камерасын (Google Яндекс және т. б.) бағыттасаңыз болғаны.

 

«Кеден мәселелері бойынша көмек» сервисінің Qr-коды.