
Қазақстанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысанда ресімделеді.
Қазіргі уақытта ТІЖ шығару жөніндегі Пилот акцизделетін өнім, виртуалды қойманың тауарлары бойынша, ЕАЭО-дан тауарларды әкелу, ЕАЭО-ға тауарларды әкету кезінде жүзеге асырылады.
Пилотты жүргізу кезеңінде мемлекеттік кірістер органдары айыппұл санкцияларын қолданбайды! Бұл ретте пилотты жүргізу мерзімдері қайта қаралады.
ШҚО бойынша МКД сізде бөлшек саудада өткізу кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) жазып беру бойынша міндеттемелер туындамайтынын хабарлайды.
Көтерме жеткізушілермен жіберілген ТІЖ-мен жұмыс істеу үшін Сізге:
1. Электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы;
2. ЭЦҚ көмегімен ЭШФ АЖ esfsd@mgd.kz электрондық шот фактураларының ақпараттық жүйесінде тіркелу (оның көмегімен 2016 жылдан бастап алу тізбесінен тауарларға ЭШФ жазып беруіңіз керек болған);
3.ТІЖ тек акцизделетін тауарлар бойынша растау;
4. Ерікті негізде келесі айдың 10-күніне дейін бір ай бұрын жүргізілген өткізу бойынша ТІЖ жазып беру;
5. Сатылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде сатып алушының талабы бойынша ғана ТІЖ жазып беру;
6.Фискалдық чектерді өткізу, соның негізінде тауарлар виртуалды қоймадан алынады.
Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарымызды қадағалаңыз.
ТІЖ ресімдеу бойынша зерделеу үшін барлық ақпарат kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсының ЭШФ АЖ бөлімінде орналастырылған.
ТІЖ ресімдеу бойынша консультациялар күн сайын республикалық Телеграмм чатында, WhatsApp мессенджері арқылы құрылған чаттарда жүзеге асырылады, сондай-ақ 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу немесе тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну арқылы жауап алуға болады.
"Виртуалды қойма" модулі - бұл ЭШФ АЖ функционалы, ал ТІЖ-виртуалды қойманың құжаты. "Виртуалды қойма" үшін қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ және бұл заңнамада қарастырылмаған.
Wipon мобильді қосымшасына қатысты заңнамаға сәйкес есепке алу-бақылау таңбаларын сәйкестендіру аспаптарынсыз, алкоголь өнімін сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Қазіргі уақытта бәсекелес нарықта алкоголь өнімін өткізушінің қалауы бойынша өз бетінше сатып алынуы және орнатылуы мүмкін есепке алу-бақылау маркаларын (Webkassa және т.б.) сәйкестендіруге арналған аспаптардың басқа да түрлері еркін сатылымда.
Темекіге арналған сканерге қатысты "Қазақтелеком"АҚ тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы болып айқындалғанын хабарлаймыз. Барлық сұрақтар бойынша Қазақтелеком АҚ операторының телефонына хабарласуды ұсынамыз.
Нарықта 2D сканерден басқа NaqtySauda мобильді қосымшасы бар екенін хабарлаймыз. Таңбалау кодтарын оқуға арналған Kassa.
Патент негізінде АСР қолдану, лицензиялық алым сомасын азайту, ҚҚС бойынша есепке қою үшін шекті деңгейді арттыру мәселелері бойынша салық төлеушілер салық саясатын жүзеге асыратын Ұлттық экономика министрлігіне салық заңнамасына өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар жіберуге құқылы екенін хабарлаймыз.
Түсіндіру жұмыс басқармасы